Әлеуметтік желілерде Семей қаласынан 300 шақырым қашықтықтағы Қайнар ауылын қар басқан суреттер мен видеолар тарады, деп жазады ҚазАқпарат.
Бұған дейін «Қазгидромет» қызметі өңірде қатты жаңбыр жауып, арты қарға ұласатынын, сондай-ақ, ауа температурасы үш градусқа дейін төмендейтінін хабарлаған еді. Алайда мұндай болжам қыркүйектің 2-сінен 3-іне қараған түніне жасалған еді. Облыс орталығында түнде нөсер жаңбыр құйып өтті. Дәл қазір ауа темпатурасы 7 градус жылылықты көрсетеді.