Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұжымымен кездескен “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед бір студентке қалтасынан ақша шығарып, 100 мың теңге берді.
“Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында Павлодар облысына келген сапарында Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ұжымымен де кездесті. Кездесуде Мұхтар Абрарұлы Мемлекет басшысының Жолдауын талқылаудан кейін, студенттер арасында сұрақ-жауап сайысын ұйымдастырды. Сөйтіп өзінің қойған 5 сұрағына мүдірмей жауап берген студенттің біріне 100 мың теңге ұсынды.
“Адамзат тарихындағы алғашқы Жолдау қашан жарияланды?”, “Қазақстан Президентінің бірінші Жолдауы қашан болды?”, “АҚШ-тың төртінші президенті кезінде сол елдің Конституциясында қандай өзгерістер орын алды?” секілді 5 сұрақтарға құқықтану кафедрасының студенті дұрыс жауап берген.