Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Шұғыл! Тағы өзбек толы автобус апатқа ұшырады, қаза болғандар бар

Алдын ала деректер бойынша, микроавтобустың ішінде 10 адам отырған, оның төртеуі – Өзбекстан азаматтары. Жол апаты салдарынан үш адам мерт болды. Куәгерлердің айтуынша, жеңіл автокөлік микроавтобусқа соғылған кезде, ол жыраға түсіп кетіп аударылған.

“Шымкенттің жедел медициналық жәрдем ауруханасына Қазығұрт ауданында жол апатынан зардап шеккендер түсті. Жеңіл жарақат алған төрт азаматқа медициналық көмек көрсетілді. Қазір олар амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Үш адам – жансақтау бөлімінде, тағы екеуі травматологияда”, — деді Шымкент жедел медициналық көмек ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Алмас Байбеков.

Жол апатының себептері мен кінәлілер анықталуда. Қаза тапқандардың денесі мәйітханаға жеткізілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз