Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова бұдан бірнеше күн бұрын жеке өмірі туралы сұхбат беріп, күйеуінің өзін тастап кеткенін айтқан болатын. Оның айтуынша, олар ресми түрде бір жарым жыл бұрын ажырасып кеткен. 31 арнаға сұхбат берген әнші ұлын да іздеп келмейтін күйеуі туралы айтып, жылап жіберді деп жазады NUR.KZ.
https://kaz.365info.kz/iship-algan-khabatov-teatry-akterinin-maskhara-videosy-tarap-ketti-video-332188
“Осымен тақырыпты, рұқсат болса, жабайық. Аллаға сансыз шүкір бүгінімде бақыттымын! Тәп-тәтті ұл өсіріп отырмын, ата-анам, бауырларым жанымда!
Ең маңыздысы, осындай сынаққа тап болған сәттерімде, әрдайым сағымның сынбауына себепкер болатын мені қолдаушы да, қорғаушы да Сіздер барсыздар! Көзімнің жасын сүртетін жақындарым мен халқымның арқасында мен бекеммін! Құшақтадым!”, – деп жазды ол.
“Шыдамай жылап жіберді ғой”, “Қателік күйеуінен боп тұр ғой”, “Не болды екен”, деп уайымдасып жатты желідегілер.