Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Шығыс Қазақстан облысы, Астана мен Қостанай қалаларында оқушылар сабақтан босатылды

Бұл туралы облыстық білім басқармасындағылар хабарлаған.

Мұндай ауа-райы қолайсыздығы кезінде жергілікті білім басқармасы 1-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейінгі оқушыларға сабаққа келмеуге бұйрық береді. Сол секілді бұл бұйрық колледждің 1-2 курс студенттерін де қамтиды.

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті Риддерде 32 градус аязды тіркеп, 1-сыныптан 9-сынып оқушыларына дейін сабақ тоқтатылған. Семейде 29, Шемонаихада 33 градус аяз. Бұл қалаларда да мектеп жұмысы уақытша тоқтаған.

Әзірге таңертең оқитын оқушылардың сабаққа келуіне тыйым салынған. Қатты боран жақын арада тыйылмаса, онда түстен кейін оқитын оқушылар да сабаққа бармай қалуы мүмкін.

Айта кетелік, бүгіндері қатты аяз салдарынан Астана мен Қостанай (-24 градус) қалаларында да 1-сыныптан 4-сыныпқа дейінгі оқушыларға сабақ болмайды.


Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз