Осы апат салдарынан қаза тапқан 12 жастағы баланың денесі туған жеріне жеткізілді. Алексей Мальнев сол Қарағанды облысында ертең жер қойнына тапсырылады.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Таралған видеоларда апатқа ұшыраған вагондардың асты-үстінен жақындарын іздеген жұрт жанталасып жүр. Жылаған, бастырылып көмек сұраған дауыстар жүрегіңді сыздатады. Адамдар қалың терезені сындырып, бір-біріне қол ұшын созып жатыр.
“Терезені сындыратын балға таппадық. Бір сайман жоқ. Бір жігіт қолымен сындырды, әйтеуір жабылып жүріп құтқардық бәрін”, деді жолаушы.
Астана –Алматы бағытындағы пойыздың бес вагоны шойын жолдан шығып кетсе, үшеуі аударылған. Ал ортаңғысы бел ортадан майысқан. Соған қарағанда ол алдыңғысына қатты соғылған болуы мүмкін.
“Көріп тұрғандарыңыздай, аударылған вагондар жатқан жерінде жатыр. Қалпына келтіру жұмыстары жеті сағаттан бері жалғасуда. Бірақ өніп жатқан ештеме көрінбейді”, дейді жәбірленушілер.