Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Шудағы жантүршігерлік теміржол апатына қатысты жаңа деректер шықты

167

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Темір жолдың қайғылы жағдай болған бөлігіне Шу жол дистанция басшысының орынбасары, 2-участоктің басшысы және оның орынбасары сондай-ақ тағы бір жұмысшы жауапты болған. Құзырлы орын осы азаматтарды апатқа кінәлі деп тауыпты. Сот сараптамасы, тексеру жүргізген мамандар, куәгерлер де прокуратураның сөзін қуаттаған.

Жалпы кісі өлімімен аяқталған апатқа қатысты 700 адамнан жауап алынып, 75 заңды және жеке тұлға жәбірленуші деп танылған. Төрт ай бойы тергелген іс Шу аудандық сотына енді жетті. Еске салсақ, маусымның 17-де Жамбылда №9-шы «Бәйтерек» жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, бір жасөспірім ажал құшқан болатын. Тағы 11 адам түрлі дене жаратын алған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз