Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-1
USD
488
0.00
EUR
533
0.00
RUB
5.09
0.00

“Шпаргалка-минералка”. Мынаны көрген тестілеудің қызметкерлері қатты таң қалды (фото)

Оқушы оны емтихан тапсыратын кабинетке білдірмей алып өткен. Бір қарағанда түлектің өзімен бірге алған минералды суының сыртындағы қағазы еш ерекшеленбейді. Бірақ жақынырақ қараған уақытта қағазда судың құрамы мен өндірушінің мекенжайы емес, химия бойынша формулалар жазылғаны анықталды.

“Шынын айтқанда, бізді мұндай өнертапқыштық қуантады. Бұл түлектің функционалдық сауаттылығының деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Жыл сайын логикалық тұрғыда ойлау, талдау және бұл білімді өмірде пайдалану бойынша сұрақтар көбейіп келе жатқанын білесіздер”, — деді орталықтың директоры Рамазан Әлімқұлов.

Ресми емес рейтингте “шпаргалка-минералка” әзірге бірінші орында тұр. Оның авторына техникалық мамандықты таңдау ұсынылды. Оқушының бұл қабілеті елге пайдасын тигізуі мүмкін, дейді Әлімқұлов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз