«Заман» тобының әншісі сәтті хит жазу үшін «Қайдасың, жоқсың» деген сөздер жетіп жатар дейді.
Меруерт Түсіпбаева да шоу-бизнесте өзгерістер болып жатқанын байқағанын жеткізді. Қазір әр әнші хит жазам деген үмітпен өмір сүреді.
«Біз қандай әнді орындайтынымызды білмей қалдық. Танымал әншілер болсын, жастар, кәрісі болсын… барлығы хит болатын ән іздеуде. Қазір не болып жатқанын білмеймін, тыңдармандардың талғамы өзгерді ме, композиторлар жоқ па? Түсініксіз. Мен 95 жылы «Қимай сені барамын» әнімен шыққанда, қай әнді орындасам да хит болатын», — деген пікір білдірді әнші.