Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
7
USD
483
-0.37
EUR
534
-1.57
RUB
5.08
-0.04

ШҚО-ның жас сақшылары Президенттің жолдауын талқылады

123

Слет барысында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының мамандары жас полицейлермен ҚР Президентінің соңғы Жолдауының тезистерін талқылады. «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі бойынша өзекті мәселелерге арналған қоғамдық-саяси тақырыпты айтып кеткеніне ерекше назар аударды.

Тәртіп сақшылары да өз пікірлерімен бөлісіп, Мемлекет басшысы ішкі істер органдарына қатысты реформалар өткізілетіні туралы нақты белгілегені екендігін айтты. Елбасы полиция «сервистік» модельге көшу керектігіне де ерекше назар аударды. Тәртіп сақшылары қызметіне баға беру критерийлері өзгеріп, қоғам тарапынан түсетін маңызды сұрауларына қарай жаңа жұмыс стандарттары енгізу туралы айтылды.

– Біздің жас қызметкерлерімізге үлкен үміт артамыз. Олар қызметке келер алдында қатаң сынақтан өтті. Тәлімгерлерін де қызметте талпынып, жұмыс істеу нәтижелеріне жоғары баға берді және алғашқы жұмыс күндерінен бастап өздерін жақсы жағынан көрсетті. Құқық қорғау органдарының болашақ жастарына біз нық сезіммен қараймыз, – деді ШҚО ІІД Кадр жұмысы басқармасы бастығының міндетін атқарушысы Нұржан Дәдетов.

Слет соңында жас сақшылары ШҚО ІІД мұражайында шығысқазақстандық полициясының қалыптасу тарихымен танысып қана қоймай, Өскемен қаласының Жедел басқару орталығында полицияның жұмыс тәсілдерімен танысты.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз