Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

ШҚО-дағы ауылдардың бірін су шайып кету қаупі төніп тұр

Үлбі өзені жыл санап ауылға жақындап келеді. Үш жыл бұрын өзеннің арнасы 200 метрдей алыс болса, қазір кейбір үйлердің шетімен ағып жатыр. Өткен көктемде су аулаларға жайылып, тұрғындар бірнеше күн үрей құшағында отырды. Ағыны қатты тау өзені жолындағы биік ағаштарды тамырымен қопарып әкеткен. Арнасы да жыл санап  кеңіп келеді.

«Бұдан 28 жыл бұрын ауылды түгел су шайып кеткен. Ол кезде өзеннің жағасы ауылдан алыс әрі берік болатын. Ал алдағы көктемде жағдай қалай болатынын елестеудің өзі қорқынышты. Өйткені өзеннің арнасы мүлде бұзылып кетті.  Жаға деген атымен жоқ», – дейді Тархан ауылының тұрғыны Елена Ляпунова.

Қазір ауыл бойынша 40 тан аса үйге өзеннен қауіп төніп тұр. Кейбір үйлердің ауласындағы қоршауларын бұзып, бау-бақшасымен ағып жатыр.

Ауыл тұрғындары жергілікті әкімдікке қауіпке қарсы шара қолдануды өтінген. Бірақ жағаны бекітіп, тасқынға тосқын жасауда атқарушы биліктің сылбырлығана қынжылады.

« Мен осы жазда ауыл әкімдігіне барып, мәселені айттым. Комиссия келіп, жағада ары-бері жүрді де, «бұл негізі – күмәнді  мәселе» деді. Қандай даулы және күмәнді мәселе болуы мүмкін. Дереу әрекет ету  керек емес пе?!» – дейді Тархан ауылының тұрғыны Светлана Шульмина.

Ауыл әкімі әрекет ету үшін жоба-жоспар жасалып жатқанын жеткізді. 2012 жылы өзеннің 1 шақырымға жуық жағасы бекітілген. Келешекте осы  жұмыстар жалғаспақ.

«Өзеннің жағасының топографиялық суреті жасалып жатыр. Ол дайын болған соң атқарылатын жұмыстың жобасы сызылып, жұмыс көлемі анықталады», – дейді  Фрунзе ауылдық округінің әкімі Базарбек Жаңабаев.

Облыстық төтенше жағдай департаментінің мәлеметі бойынша, облыста  87 ауылға  өзеннен қауіп тұр. Сондықтан  2020 жылға дейін жағаларды бекіту  жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізіледі.

«Биылғы жылы 13 елді мекенде жағаны бекіту жұмыстарын атқарамыз. Бұл ауылдар шамамен  қазір 2,5 мыңға жуық адам тұрады. Әрине тасқын қаупі жоғары ауылдарды  бірінші қолға аламыз», – дейді облыстық ТЖД бөлім басшысы Алексей Штыкель.

Облыста 2018 жылы тасқынға тосқын жасаудың  жоспары мен  бөлінетін қаржы енді қарастырылып жатыр. Алдын ала есептік болжам бойынша әрбір ауданнан аз дегенде 40 миллион теңге бөлінбек. Ал арнасы  Тархан ауылына біртіндеп жақындап келе жатқан Үлбі өзенінің жағасы бекіту үшін қанша қаржы қажет екені әзірше белгісіз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз