Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

ШҚО-да тағы бір шенеунік мас күйінде жол апатына түскен

Қызметтік тексеріс барысында Абай аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Саржанов өз қарамағында жұмыс істейтін бөлімнің бас маманы Қасымжанмен бірге Семейден Қарауыл ауылына қарай жол тартқаны анықталған. Автокөлік ішінде тағы да Қасымжанның екі жасөспірім туысы болған.

Семейден шыққан соң, әріптестер жолда тоқтап, алкогольдік ішімдік ішеді. Біраз уақыт өткен соң Саржанов көлік рөліне Қасымжанның отыруын сұрайды.

“Әрмен қарай көлікті Қасымжан басқарып отырғанда, олар жолдың қарсы жақ бетіндегі жолаққа шығып, өздеріне теріс бағытта келе жатқан көлікпен соқтығысқан”, – делінген хабарламада.

Медициналық сараптама нәтижелері екі мемлекеттік қызметкердің де алкогольдік ішімдік ішкенін анықтаған. Енді жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, бұл жыл басынан бері мемлекеттік қызметкерлер кінәсімен орын алған екінші жол апаты болып отыр. Риддер қаласының әкімі мас күйінде көлік жүргізіп, 18 жастағы Евгений Смольниковты қағып өлтірген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз