Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында жантүршігерлік оқиға болды. 52 және 34 жастағы екі ер адам 12 жастағы қызды зорлап тастаған, деп жазды Устинка LIVE.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, зардап шеккен қыз 18 сәуір күні мас халде ауруханаға жеткізілген. Қыз дәрігерлерге өзімен екі ер адам жыныстық қатынасқа түскенін айтқан. Полиция күдіктілердің кім екенін анықтады. Жергілікті тұрғындар уақытша ұстау абақтысына жабылды.
Полицейлер басқа мәліметтерді тергеу мүддесіне байланысты жарияламай отыр.