Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

ШҚО билігі 6 жыл бұрын Қытайдан келген қазақтарға азаматтық бермей жүр

“Бірінші рет бардым. 2018 наурыз айыныңы 23-і күні документ тапсырғамын. Ол кезде қабылдап алды. Күршім ауданы көші-қон полициясы Қайрат. Қабылдап алып, қайтып үш айдан кейін документім қайтып келді. Сенің оралман куәлігің ұзармапты депһ”, – дейді Күршім ауданының тұрғыны Асқарбек Өзбекұлы.

30 шақты отбасы жұмыссыз. Ақшасыз қалған олар қайда тұрарын білмей дал.

“9 айдың 16-сы бірге толса, мен оның әлеуметтік ақысын да ала алмайтын болдым. Не жұмысқа тұрған емес. Үш баламен күйеуім үйде. Ешқандай жағдайымыз жоқ. Басымызда үй де жоқ. Біздің мал да жоқ. Туысымыздың үйінде жатырмыз”, – дейді Күршім ауданының тұрғыны Нағзат Әмейқызы.

Бұл мәселені бүгін естіген облыстық ішкі істер департаментіндегілер жергілікті бөлімшелерінің жұмысына тексеру жүргізбек.

“Бұл кісілер заңға сәйкес құжаттарын толық өткізулері қажет. Егер де сіз айтқандай өтініштер болса, бізге келіп хабарласуларына болады”, – дейді ШҚО ІІД көші-қон қызметі басқармасының инспекторы Назгүл Жұмахан.

Құзырлы орган өкілдері оралмандардың азаматтықтан шықты делінген анықтаманы алу үшін Қытай еліне бармай-ақ, Қазақстандағы елшілігіне баруы керек екенін айтты.

stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз