Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

ШҚО әкімшілігі коронавирус жұқтырған шетелдіктер туралы қауесетті жоққа шығарды

217
Сурет: ШҚО баспасөз қызметі

Шындыққа жанаспайтын ақпарат дау тудырды. Сарытерек және Айнабұлақ елді мекендерінің кейбір тұрғындары аурухана ғимараттарының алдына шығып, шекараны жабуды талап етті, деп хабарлайды inform.kz.

Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігі бұл қауесетті жоққа шығарды.

«Біздің облысымызға ауру жұқтырған адамдар әкелінеді деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын естеріңізге саламыз», —

дейді ресми хабарламада.

19 ақпанда  Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов тұрғындармен кездесіп, біздің ел аумағында коронавирус жұқтырған жағдай тіркелген жоқ деп атап айтқан болатын.

«Қазақстанда бұл инфекцияны жұқтырған адамдар жоқ. 17 ақпаннан бастап Қытайдан келген азаматтар  обсервациялық бақылау үшін екі аптаға ауруханаға жатқызылады. Облыстың медициналық мекемелерінде коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектер жеткілікті. Осыған орай халықты үрейге бой алдырмауға шақырамын.  Жағдай бақылауда », —

деді әкім.

Денсаулық министрлігінің мәліметтеріне сәйкес ауруханаларда расымен де елге келген азаматтарды оқшаулауға арналған бөлімдер дайындауда. Алайда бұл инфекцияның алдын алу мақсатындағы бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес жасалып жатқан жұмыстар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз