Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Шимон Перес Путинге: “Жасың 63-ке келді. Әлі ақылың кірмепті ғой…”

111

407189144

Шимон Перес

Перес: Сіз қаншадасыз қазір? 63-те ме? Менің жасым 93-ке келді. Айтыңызшы, алдағы 30 жылда не тындырмақ ойыңыз бар? Не үшін күресіп жүрсіз өзі? Американың қытығына тием деп ойлайсыз ба?

Путин: Жоға…

Перес: Америка Ресейді басып алғысы келе ме? 

Путин: Өй, жоға…

Перес: Әлде Обамамен ұғыса алмай жүрсіңдер ме? 

Путин: Онда сіздің не шаруаң…Кешіріңіз, мұны неге сұрадыңыз?

Перес: Владимир, мен тыңшы емеспін, қорықпа. Менімен ашық әңгімелесуге болады. 

Путин: Ал өзіңіз не ойлайсыз? 

Перес: Өл, тіріл – бәрібір Америка жеңеді. 

Путин: Неге, ойбай?!

Перес: Себебі, олар бақытты. Ал сіздер бақытсызсыздар… 

Дос іздеңіз, дос…

Путин

Владимир Путин

Марқұм Перес мұнымен тоқтамаған екен. Путиннің мысын басу үшін әрі қарай былай деген.  

Перес: Путинге, біріншіден, былай дедім. Америкалық азанда оянғанда не көреді, білесіз бе? Оңтүстігінде Мексика тұр. Олар өз жерінде жүрген мексикалықтарды қуып, қудалап жатқан жоқ. Солтүстігінде Канада тұр. АҚШ пен Канада арасынан қыл өтпес дос. Оң мен солы – теңіз, мұхит. Обама неге алаңдауы керек? 

Ал сіздер де? Сіздер таңертең оянғанда не көресіздер? Жапония, Қытай, Ауғанстанды ма? Құдай-ау. Олар сіздерде ұлан-ғайыр жердің бар екенін біледі, әрине.  Біледі, өкінеді. Бармақ тістейді. Осыншама алып аумақ бос жатыр. Игерілмей. Іріп-шіріп. Бірақ, сіздер оларды жау көресіздер. Сондықтан оларға бақыр тиын ұстатпайсыздар. Әлемдегі тұщы судың 20 пайызы сіздерде. Бірақ, тағы да бөліскілеріңіз келмейді. Ал Сібірдегі қар еріген кезде, бірінші көретіндеріңіз – қытайлар. Білесіз  бе, қазіргі Ресейдің шығысындағы қытайдың саны, орыстан көп. Путин мырза…

Путинге, екіншіден былай дедім: 

Америкада жер аумағы мен халық саны үйлесім тапқан. Ал сіздерде қалай? 20 миллион шаршы шақырым жер… бос жатыр. Сіздерде осыншама аумаққа орналастыратын халық жоқ. Атымен жоқ. Өсімге қарағанда, өлім көп. Өзіңізді мақтап, мадақтағанға семірмеңіз. Олар сізді кешірмейді. Айтыңызшы, орыс неге орта есеппен 62 жыл өмір сүреді. Ал америкалықтардың өмір сүру ұзақтығы 82 жастан  төмен емес. Неге, білесіз бе?

Осы сәтте мен оған былай дедім:

Сіз өзіңізді патша санайсыз ғой, иә? Ол үндеген жоқ.

Иә, патша санайсыз. Ал патшалар не бітірді? Олар екі қала салды. Бірі – Санкт-Петербург, екіншісі – Мәскеу.  Сіздер бұл қалаларды әншейін тамашалау үшін салдыңыздар. Өзіңізге керектіні сіздер тек осы арадан табасыздар. Ал өзге Ресей ше? Ондағы жағдай қалай? Мұны сізге мен айтайын. Өзге Ресей Нигерия сияқты. Қайыршы. Өзге Ресейді қар басқан. Сіз басқаратын елдің тұрғындары өмірдің қызығын көрмей өтіп жатыр. Сіз оларға  лайықты өмір сүруге мүмкіндік бермей отырсыз. Олар мұны кешірмейді.

“Ал Америка несімен артық? Ресейден несімен артық?” деп сұрадым мен одан. Тағы да үндеген жоқ. Өз сауалыма өзім жауап бердім.

Олар жақсылық жасайды. Олар адамдарға өмір сүруге, өмірдің қызығын көруге мүмкіндік береді.

Олар жау емес, дос іздейді, дос… Біле-білсеңіз, Путин мырза, бұл ең тиімді инвестиция.

Ресейден империя жасауға ұмтылмаңыз. Ұтыласыз. Мысал керек пе? Еуропаға қараңыз. Францияға, Англияға, Португалияға…Бәрі де империя атанғысы келді. Ақыры не болды? Абыройы төгілді. Әлемдік мұхитты билегісі келген Англияны ашуға мінген үндістер елінен қуып шықты. Қазір қолында қалғаны – үш арал ғана. Оларды да қайтерін, қайда жіберерін білмей отыр. 

Путин үнсіз тыңдады. Ойланды деп ойлаймын. Әй, бірақ…

“Жау іздеу, жау атану, жаугершілік жасау өмірдегі ең үлкен өкініш. Трагедия. Сіз ақымақ іске көп ақша төгіп жатырсыз…” – дедім мен оған. 

shimon-peres-i-vladimir-putin

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз