Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Шілдеден бастап Алматы-Талдықорған бағыты бойынша жол жүру ақылы болады

Ал, Алматы мен Талдықорғанды жалғайтын 250 шақырымдық автомагистраль келер жылы терминал құрылысы толық аяқталғаннан кейін ақылы болмақшы. Жолдың салынып жатқанына бес жыл болған, бірақ оны екі жылда салып бітіруді жоспарлаған болатын. Бұл тас жолдың құрылысына 130 млрд. теңге жұмсалыпты. Жеңіл көліктерге арналған тариф 1 километрге бір теңге болмақ.

Ал жүк көлігі ақыны салмағына қарай төлейтін болады. Сондай-ақ, тәулік бойы автокөлік нөмірі және әрбір жүрген километрді қадағалауға электроникаға көмектеседі.

Сонымен қатар, жолдың кеңейтілуіне байланысты автожолға жақын орналасқан отыз шақты Бақтыбай ауылының тұрғындары әлі күнге дейін мердігерлермен соттасуда. Ауыл тұрғындары оларды құрылыс нормаларын бұзды деп айыптап отыр. Олар, тіпті, жол қозғалысын ашқан күннің өзінде тас жолды бөгеп тастаймыз деп, қоқан-лоққы көрсетуде. Бірақ не болса да, тас жолдың құрылысы биыл аяқталады екен.

«Балпық биден Талдықорғанға дейін 235-259 километрлі бөлік қалды. Олар осы жылы осы бұл бөлікті  аяқтауды уәде берді. Сонымен, Алматыдан Талдықорғанға дейінгі жол құрылысы толығымен аяқталады», – дейді «Қазавтожол» АҚ бас маманы Рысбек Жұмаділов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз