Пандемияның осы кезге дейінгі кезеңінде әрбір төртінші адам коронавирусты 2021 жылдың шілдесінде жұқтырды.
Бұған қазірдің өзінде сену қиын, бірақ бір ай бұрын Қазақстанда бұрын-соңды анықталған ең көп жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші 3 мыңнан төмен еді. Бірақ өткен айда рекорд бірнеше рет жаңартылып, нәтижесінде екі еседен астам өсті:
Тағы бір маңызды мәселе – қатты науқастар санының өсуі. Ресми статистикаға сәйкес, дәл қазір 96 236 адам коронавирус жұқтырған (ауырып жазылғандар немесе қайтыс болған адамдарды азайтқанда).
1 шілдеде бұл көрсеткіш 25,9 мыңнан сәл жоғары болды. Салыстыру үшін: бірінші толқынның ең жоғары көрсеткішінде, 2020 жылдың шілдесінде ауыр халге түскен жұқтырғандардың саны 33,9 мың адамға жетті. Келесі шарықтау шегі 2021 жылдың мамыр айына келді – 44,6 мың. Қазіргі көрсеткіштер екі еседен астам жоғары.
Жағдайдың күрделілігі биліктің дәстүрлі жасыл, сары және қызыл аймақтарға тағы бір – қою қызылды қосқандығымен де көрінеді. Бұл науқастарды аурханаға жатқызу көрсеткіші 70%-дан асқанда енгізілетін қауіп-қатердің шекті деңгейі бар аймақ.
1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанның барлық өңірлері қызыл аймақта. Сонымен қатар, қою қызыл аймаққа енген кейбіреулеріне жаңа шектеулер енгізіледі.
Айта кетейік, шілде айының екінші жартысында 15 аймақ коронавирус жұқтыру бойынша рекорд орнатты. Атырау облысы (2021 жылғы 22 шілде 489 адам жұқтырған — 2020 жылғы 8 шілдедегі 658 жұқтырғандармен салыстырғанда аздау) және Шығыс Қазақстан облысында (2020 жылғы 7 қарашада 353 оқиға тіркелсе, 2021 жылдың 26 шілдесінде 333 оқиға тіркелген) ғана көрсеткіш төмендеу.
Қазір фактілердің ең көп саны Алматыда анықталуда – 1 тамызда мұнда 1 540 жаңа жағдай тіркелді. Бұған дейін бір жарым ай боны инфекцияның шарықтау шегі Нұрсұлтанда тіркелді. Алайда, қазір мұндағы көрсеткіш біршама төмен – соңғы тәуліктерде 1 489 оқиға тіркелді.