Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Шетелдіктермен бірлескен кәсіпорындар иелегіндегі жер сот арқылы Қазақстанға қайтарылады – министр

Министрдің айтуынша, шетелдіктермен біріккен кәсіпорындарға тиесілі жердің біразы Қазақстанға қайтарылған.

– Қазіргі күні Малайзиямен, Біріккен Араб Әмірліктерімен, Ливан өкілдіктерімен бірлесе құрылған кәсіпорындар ісі соттың қарауында жатыр. Бұлар да Қазақстанға қайтарылуы мүмкін. Бұның өзі шетелдіктерге, біріккен кәсіпорындарға қойылатын талаптардың жоғары екендігін көрсетеді, – деді Асқар Мырзахметов.

Министр 20 жылға дейінгі мерзімге берілген жер саны небәрі он пайызды ғана құрайтынын, ал 25 жылдан 49 жылға дейін берілген жерлер саны 90 немесе 236 мың 771 жер учаскелерін қамтитынын баса айтты. ”

– Ал шетелдіктер мен олармен бірігіп ашылған кәсіпорындарға келсек, ондағы жер көлемі басында 65 мың гектар болса, қазір одан да аз. Оның өзінде біріккен кәсіпорындарда басым, – деді Асқар Мырзахметов.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз