Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Шетелдіктерге үйін жалға берген алматылықтарға салық төлеу үшін бір апта берілді

Салықшылардың айтуынша, аталған тұрғын үй кешеніндегі екі бөлмелі пәтердің жалға алу ақысы 250-550 мың теңге, үш бөлмелі пәтер 400-800 мың теңге аралығында, төрт бөлмелі пәтер – 550 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін, ал бес бөлмелі пәтер 1 миллион 300 мың теңгені құрап отыр.

«Бұл пәтерлердің иелері олардың табыстылығына қарамастан жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген және салық төлемей отыр. Бүгінде меншік иелеріне жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп аталған мәселенің шешімін табу үшін бір апта уақыт берілді. Олай болмаған жағдайда салық пен міндетті төлемдер айыппұл санкциясымен бірге өндірілетін болады», – деп ескертті ведомсвтодан.

Қосыпша атап өткендей, салық салынатын табысты жасырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілікте қарастырылған.

«Жалпы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін ХҚКО-ға жеке куәлікпен барған жеткілікті. Тіркеу тегін жүргізіледі. Салық көлемі пәтерді немесе жеке тұрғын үйді жалға беру арқылы тапқан табыстың 1 пайызын құрайды», – деп түсіндірілген ведомсвтоның хабарламасында.

Айта кетейік, салық төлемейтіндердің басым бөлігі пәтер мен тұрғын үйлерді жалға беру жарнамаларына мониторинг жүргізу арқылы анықталуда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз