Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Шетелдікке тиемін”. Көкшетаулық ару қазақ жігіттерінің жауапкершілігі жоқ екенін айтты

 

https://kaz.365info.kz/zhigiti-zhap-zhas-eken-sary-aulienin-tokhaly-tastap-ketipti-foto-327215

“Жасыратыны түгі жоқ, қазақ жігіттерінің бойында нағыз еркекке тән қасиет азайып барады. Бірі жеңіл жолмен ақша табуды көздейді, енді бірі тіптен ақша таппай, әйелінің мойнында отырсам дейді.

Былайша айтқанда, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргенді ұнатады. Мен әкесіз өскен қызбын, сондықтан анам екеуміз ешқашан қол қусырып, еңбексіз отырған емеспіз. Өзім оқып, өз күшіммен оқуға түстім.

Болашақ жарымның да бойынан сондай қасиеттерді көргім келеді. Алайда, өкініштісі, бүгінгі ер-азаматтар мүлде олай емес, көп сөйлейді, іске жоқ”,-дейді бойжеткен.

Бойжеткеннен, сөз арасында “шетел азаматы ұсыныс жасаса, жат жұрттықпен шаңырақ көтеруге дайынсыз ба?” деген сауал да қойып үлгердік.

 

https://kaz.365info.kz/basymdy-iemin-atakhty-al-bano-tamsanyp-khazakh-zhigiti-turaly-ajtyp-otyr-video-327326

Айтуынша, “ұсыныс болса, ол шетелдікке тұрмысқа шығуға қазірдің өзінде әзір” екен.

“Мен кішкентайымнан анама өлсем де қазақ жігітіне тұрмысқа шықпаймын деп айтатынмын.

Қазақтың жігітінің бірі – өз әкем.Туғанымнан мені бір иіскеп, іздеп келген емес. Мүмкін сол реніштің соңы осындай жек көрушілікке алып келген шығар. Әрине көпке топырақ шашуға болмайды, жақсы азаматтар да бар. Бірақ олар өте аз. Дәл қазір шетел азаматы тұрмысқа шақырса, шаңырақ құруға дайынмын.

Сол жолда тіпті ағылшын тілін де оқу үстіндемін. Шетелде оқуымды жалғастырып, сол жаққа қалу сияқты арманым бар.Бәрі Алланың қолында, тағдыр қалай жазылса, солай болады”,-деп әңгімесін аяқтады ару.

 

https://kaz.365info.kz/men-kyjeuimdi-syjmejmin-myna-zhas-kelinshek-ne-dep-otyr-280219

Дерек көз: Nur.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз