Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-11
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

Шенеуніктер мен әйелдерінің салық декларациясы ашық болады

399

Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірістер мен шығыстарды жалпыға бірдей декларациялау басталады. 365info медиапорталы Мемлекеттік кіріс комитеті төрағасының орынбасары Арғын Қыпшақовтан декларациялауға кімдер кіретінін, миллиондаған қазақстандықтан мәлімет қабылдауға жүйенің қаншалықты дайын екенін, декларация мониторинг жасауға қол жетімді бола ма және кірістер мен шығыстардың алшақтығы үшін қандай жаза көзделгені жайлы сұрады.

Арғын Қыпшақов, фото – 24.kz

Шенеуніктердің мүлкін біле аламыз ба?

“Берілген декларациялар жөніндегі мәліметтер салық құпиялылығын сақтайды және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” ҚР Заңында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің жазбаша рұқсатын алмай үшінші тұлғаға табыс етілуі мүмкін емес”, – деп жауап берген еді бізге салық қызметкерлері “шенеуніктердің декларациясынан мәліметтер кең аудиторияға қол жетімді бола ма” деген сұрағымызға. Мәліметтерінің тарап кетпеуінен Салық кодексінің 30-бабы қорғайды.

Ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның 11-бабы жаңа редакцияда іске қосылады. Онда

декларациясынан мәліметтер міндетті түрде жариялануы тиіс лауазымдардың толық тізімі бар

Ал бұлар мына адамдар және олардың жұбайлары:

• саяси мемлекеттік лауазымдар;
• “А” корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарын атқаратын»;
• Парламент депутаттары;
• судьялар;
• квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқару функцияларын атқаратын тұлғалар.

Қазір бұл бап бар және ол жұмыс істейді. Бірақ онда мәліметтер жариялануы да, жарияланбауы да мүмкін екені көрсетілген. Яғни, біз іс жүзінде көріп отырғанымыздай, көбіне жарияланбайды.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғарыда аталған тұлғалар жайлы қандай ақпараттар білетін боламыз? Қазақстан мен одан тыс жерлердегі олардың жалпы табыстарын, жылжымайтын және жылжымалы мүліктері туралы. Оның ішінде  жылжымайтын мүліктің ауданы, автомобильдердің маркалары мен шығарылған жылдары туралы.

Декларация қандай шығыстарды көрсетпеу қажет?

Жүйе миллиондаған есепті қабылдауға және өңдеуге дайын ба? Бұл Электрондық үкімет жүйесінің күшіне сай. 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бастап тиісті сервер пайда болды. Бірақ декларациялауға кіретін 13 млн қазақстандықтың кейбірінде egov.kz-те жеке кабинет жоқ.

Біз фискалдардан: “Азаматтар кассалық аппараты жоқ дүкендерде жасаған ұсақ-түйек сатып алу шығындарын қалай растай алады” – деп сұрадық. Бізге декларацияларда шығыстың мына көздері жайлы мәліметтерді көрсету керек деді:

• жылжымайтын мүлік;
• механикалық көлік құралдары және тіркемелер (прицеп);
• заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
• бағалы қағаздар;
• инвестициялық алтын;
• қаржы құралдарының туындылары
• тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі.

Кіріс пен шығыс мәліметтері сәйкес келмейтіндерге қандай қауіп бар?

Бізге алдымен жеке тұлғаның табысын анықтаудың жанама әдістерін қолдана отырып, салық бақылауы басталатынын айтты. Мұндай үш әдіс бар: активтер құнының өсімі, шығындарды есепке алу және банк шоттарындағы қаражат қозғалысын есепке алу.

Ал құқық бұзушылықтың күрделілігіне байланысты мемлекеттің жазалау машинасы де қосылуы мүмкін. Мысалы, егер жеке тұлға декларацияны уақытында тапсырмаған болса, оларға 15 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынады (әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 272 бабы).

Ал егер тапсырып, бірақ мәліметті әдейі өзгерткен болса, ал қазына ірі сомада жетіспеушілікті анықтаса (АЕК-тің 500 еселенген мөлшері), бұл қылмыстық бап саналады

Ол бойынша жаза да “аса елеулі” — 3 мың АЕК айыппұлдан бастап 3 жыл мерзімге түрмеге тоғытуға дейін (ҚР ҚК 244-бабы).

Бұл санкцияға 1 қаңтардан бастап барлық салық төлеушілер мен декларация тапсырушылар кіреді. Қатардағы кәмелетке толған қазақстандықтар мен шенеуніктер ғана емес, сонымен қатар оралмандар мен тұруға ықтиярхат иелері де, Қазақстанда жылжымалы және жылжымайтын мүлікке ие шетелдіктер де. Тіпті атында мүлкі бар балалар да декларациялауға жатады. Яғни

кірістер туралы есептілікке ешкімнің “иммунитеті” жоқ

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз