Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Шенеуніктер ерегісінен Алматы маңындағы ауыл бір ай бойы жарықсыз отыр

Мұқас Бейсенбаев:

– Әкімге барып айтсақ, қалаға бергенбіз дейді. Ал бұл не деген әкім? Не өзі келмейді, не халықпен жиналыс ашпайды? Жарық жоқ, бір ай болды, әкім бір рет те келген жоқ.

Сөйтсе, Боралдайдың нақ осы бөлігі қаладағы Алатау ауданы аумағына өтіпті. «Ертеңмен» елді күттіріп келген әріптестерінің әрекетіне мұндағы әкімдіктегілер де ашынып отыр.

Бақытжан Егізбаев, Боралдай кенті әкімдігі аппаратының бас маманы:

– Барлығына айтқанбыз, басқарма бастығына да, бөлімінің бастығына да бәріне айтылған. Барлығы біледі, бірақ «мастер жіберілді, жіберілді» деп өтірік айтады.

Бұл арада  „Сен салар да мен салар, атқа жемді кім?„ салар деген шенеуніктер ерегісі жарықсыз қалған ауылдың мәселесін шешкізбей тұр. Әйтпесе иен дала емес, барлық мүмкіндігі бар қалаға таяқ тастам ауылдың бір айдан астам жарықсыз отыруын басқаша түсіндіру мүмкін емес секілді.

Жолға шыққандардың әрекеті жол апатына соқтыра жаздаған соң оқиға орнына полицейлер де жетіп келген. Бірақ, осында тұратын тәртіп сақшыларының өзін жарықтың жыры әбден жалықтырса керек, тұрғындарға түсіністікпен қарап, оларға шара қолдануға уәде етті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз