Желіде Жамбыл облысында азаматтық киім киген ер адамның бір топ полиция қызметкерін «отжимание» жасауға мәжбүрлеген. Шенеуніктің бұл әрекеті видеоға түсіп қалды.
Әлеуметтік желіде тараған видеоға үңілсек, қызметтік форма киген полицейлердің азаматтық киім киген ер адамның нұсқауымен отырып-тұрып жаттығу жасап тұрғаны байқалады.
Видеоның астына ақ жейде киген ер адамның Жамбыл облыстық полиция департаменті басшысының орынбасарларының бірі екені айтылған. Ішкі істер министрлігі видеоға қатысты қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді.