Алматы облысындағы Шелек ауылында кәріз құдығына түсіп, қаза тапқан екі слесарь мен дәрігердің өлімі үшін жалғыз шаруашылық меңгерушісі ғана жауап беруі мүмкін.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Аркен Ұшыров тамыз айында қайғылы оқиға болған Шелектегі аудандық аурухананың шаруашылық бөлімінің меңгерушісі. Сол күні құдықты тазартуға түскен екі сантехник мен оларды құтқаруға ұмтылған бір дәрігер қаза болған еді. Жұмысшылардың бірі Аркеннің жан досы екен. Жолдасының қазасына қайғырып жүргенде өзінің сол оқиғаға кінәлі боп шықанын естіген бойда инсульт алып, ауруханадан бір-ақ шықты.
“Полицияға шақырып, қайта -қайта «сен кінәлі», «сен кінәлі» дейді.Мен айттым, кінәлі болсам, айтыңдаршы, қандай немен?Қазір айтамыз, сосын айтамыз, сол кінәлісің дейді, басқа ешнәрсе айтпайды. Мен ол жерде болмадым. Алматыда болғам, бұйрығым да бар, бәрін көрсеттім”, деді ол.
Аты-шулы істегі жалғыз күдікті атанған Аркен Ұшыров ол күні мүлде жұмыста болмағанын айтады. Бас дәрігердің өзі бұйрықпен бас есепшінің орынбасары екеуін Алматыға жіберген екен. Әріптестерінің қазасы жайлы іс-сапарда жүріп естіген. Айтуынша, марқұмдарға сол күні тек қабылдау бөліміндегі электр сымын жөндеуді ғана айтыпты. Ал кәріз құдығы жайлы сөз болмаған. Кейін сұрастыра келе, құдыққа түсу туралы тапсырманы асхана меңгерушісінің бергенін анықтапты. Бас дәрігермен қоса ол да жұмысынан кеткен.
“Марқұм жігіт ас үйге кіріп, шай ішкенде медбикелердің бірі септикті қарап берші деп айтқан ғой. Соған қарап беруге барған дейді ол жігіт. Шын айтсам, бастыққа айтқанмын, мені неге кінәлі етіп жатыр деп? Үндеме деді. Сөйтіп бұл жайт жасырын қалған”, деді Аркен.
Алайда, әлі ашылмаған біраз тұстардың барына қарамастан полиция тергеуді аяқтап та қойды.
“Қылмыстық кодексінің 156 -бабы, 4-ші тармақшасына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу құжаттарында емдеу мекемесінің, яғни Шелек ауруханасының қызметкері күдікті тұлға ретінде. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Келесі айда айыптау қорытындысымен сотқа жолданады”, деді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің ресми өкілі.
https://kaz.365info.kz/50-zhastagy-erkekter-keledi-de-18-zhastagy-zhezokshe-bar-shyndykhty-zhajyp-saldy-331959
Десе де, Аркен Ұшыровқа өзінің кінәсіздігін дәлелдеу қиынға соғатын сияқты. Өйкені, адвокат жалдауға азаматтың қаржысы жоқ.