Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
5
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Шектеу алына салысымен Түркияға лап қойған ресейлік турист саны 4 есеге өскен

Бірер күн бұрын РФ президенті Владимир Путин Түркияның туристік жолдамаларын сатуға қойылған шектеуді алатын жарлыққа қол қойған. Бұл шектеу 2015 жылы қарашада Сирия мен Түркия шекарасында ресейлік әскери ұшақты Түркия тарапы атып түсіргеннен кейін енгізілген.
Салдарынан 2016 жылдың басынан бері қарай Түркияға барушы ресейлік туристер 83 пайызға қысқарған. Биыл Түркияға 138 мың ресейлік саяхаттаған, ал бұл көрсеткіш былтырғы осындай кезеңде 802 мыңды құраған еді.

Осылайша, үш күннің ішінде түрік курорттары Крым мен Сочиді артқа тастап, алға шықты. Себебі аталған үш курорттық жердің бағаларында үлкен айырмашылық жоқ. Түркия 40 мың рубль тұрса, Крымға бару үшін 35 мың рубль, ал Сочиге 37 мың рубль кетеді.

Содан болар, қазір түрік курорттарына қызығатын адамдардың саны төрт есеге артық болып тұр. Бұл ақпаратты РФ Туристік индустрия одағы да растап отыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз