Қазақ-орыс шекарасынан тотықұс пен тасбақаларды тығып алып өтпек болған келіншек ұсталды.
Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қостанай – Екатеринбург» бағытындағы автобустың жолаушысы – 41 жастағы Қазақстан азаматы тотықұс пен тасбақаларды заңсыз алып өтпек болған. Оны «Қайрақ авто» шекара бекетінде Қостанай шекара отряды қызметкерлері ұстады.
Автобус жүк салғышын тексеру кезінде 30 тотықұс пен 30 тасбақа тірідей табылды.
Бұл жүктің рұқсат беруші ешқандай құжаты болмаған.