Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Шекарадан бүркіт алып өтпек болған катарлықтар ұсталды

«Алматы» халықаралық әуежайының өткізу пунктінде шекарашылар «Доха – Алматы» рейсімен ұшпақ болған Катардың екі азаматын ұстады.

Шетелдіктер құстарды тиісті құжаттарсыз алып өтпек болған. Көлік құралын және жүктерді қосымша тексеру кезінде қазақстандық шекарашылар жүктің тіркелгендігі туралы биркалар мен пломба салынбаған 15 ағаш жәшікті анықтады. Олардың ішінен жойылудың аз-ақ алдында тұрған 29 сұңқар құсы табылды.

Ұстау фактісі бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының және тиісті құқық қорғау органдарының өкілдеріне хабар берілді.

Еске сала кетейік, өткен демалыс күндері Ресей азаматы шекара арқылы 12 көгершінді рұқсаттама құжатынсыз әкетпек болған жерінен ұсталған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз