Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Шекарадан 122 келі балықты заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Атап айтқанда, Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасында орналасқан «Жетісай» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды шекаралық бақылау кезінде өзбек жеріне қарай бекіре тұқымдас балықты заңсыз алып өтуге тырысқан үш азаматты ұстады. Өзбекстан азаматтарының көз қысты, бармақ басты жолмен алып өтуге тырысқан балықтарының жалпы салмағы 122 келі болып шықты.
Ұстау материалдары жергілікті «Атамекен» кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды.

Келесі дерек те аталған шекара отрядына қарасты Қонысбаев атындағы бақылау-өткізу бекетінде тіркелді.

Шекаралық бақылау кезінде шекара наряды өзбек еліне салмағы 160 келі болатын кальянға арналған темекі өнімдерін заңсыз алып өтуге тырысқан азаматты ұстауға мәжбүр болды. Жасы 35-тегі Өзбекстан азаматының басқа да жүктерін тексеру кезінде одан тиісті құжаты жоқ жалпы саны 20 қорап болатын «Цефтриаксон» дәрісі табылды.

Аталған дерекке қатысты материалдар Оңтүстік Қазақстан облысының Кіріс департаментіне берілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз