Қазақ-ресей шекарасынан квас деп сыраны өткізіп жібермек болғандар ұсталды.
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтөбедегі „Жайсан авто„ көлік өткізу бекетінде шекарашылар „ГАЗель„ көлігімен Ресейге бағыт алған 28 жастағы Қазақстан азаматын тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде жалпы көлемі – 2 500 литр, яғни 50 бөшке сыра шықты. Ал құжат бойынша ол квас деп тіркеліпті.