Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
11
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Шавкат Мирзиеев президент аппаратын қайта жасақтап жатыр

Өзбекстан президентінің жастар саясаты жөніндегі мемлекеттік кеңесшісі, Орталық жастар одағының төрағасы Кахрамон Куранбаев президент администрациясының ғылым, білім, денсаулық және спортты дамыту мәселелері бойынша қызмет жетекшісінің орынбасары болды. Президенттің мәдениет, баспа және шығармашылық ұйымдар жөніндегі тағы бір кеңесшісі Хайриддин Султанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кеткен.

Kun.uz интернет басылымы өз дерек көздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Султанов президент Шавкат Мирзияевтің спичрайтері болады. Оның бұрынғы жұмысын уақытша Абдужабар Абдувахитов атқарады.

Бұған дейін Өзбекстандағы мемлекеттік арналарда бұрынғы президент Ислам Каримовтың атын атауға тыйым салынғанын хабарлағанбыз.

Ферғана облысында өткен селекторлық отырыста Шавкат Мирзияев өзінің мемлекеттік кеңесшісі Кахрамон Куранбаевты сынаған. Кеңесшісінің атын атамаған президент оның Ферғана облысында үйлену тойы кортежін тоқтатып, жас жұбайларды таксиге отырғызып жіберген әрекетін сөккен.

Бұдан бөлек, бұрынғы мемлекеттік кеңесшілер Рустам Касимов, Рустам Инаятов, Виктор Махмудов (Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы) және Турсинхон Худейбергенов президент кеңесшісі болып тағайындалған. Ал Ислам Каримовтің дәуірінде, кейін Шавкат Мирзияевтің кезінде президент аппаратын басқарған Зелимхан Хайдаровтың Өзбекстан президенті администрациясында қалған-қалмағаны белгісіз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз