Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Шашты бояу керек…”. Кореяда жұмыс істеген Мұрат өз тәжірибесімен бөлісті (видео)

265

Кореяға бару үшін не істеу керек?

– Ең бірінші, Сізге билет алу керек. Маған қолайлы, арзан болғаны – Авиаонлайн. кз сайты болды. Қазақстан азаматы Кореяға үш  жолмен ұша алады: Біріншісі, Эссевен әуе тасымалы компаниясының қызметі арқылы арзан ұша алады. Онда да Новосібір мен Владивосток арқылы Сеулге ұшады. Билет құны 130 мыңнан бастап 200 мың теңгеге дейін болады.

Эйр-Астана билеті 170 мың мен 200 мың теңге аралығында болады. Бұл – барып-қайту билеті.

Ал Азияна эйрлайнстің билеті 200 мың теңгеден жоғары болады. Қымбат. Өйткені бұл Кореяның компаниясы.

https://kaz.365info.kz/ajyna-2-5-myn-dollar-aldym-alty-zhyl-koreyada-zhymys-istegen-zhigit-303317

Екіншіден, төлқұжат тексеретін жерден тез өту үшін өзіңіздің турист екеніңізді дәлдеуіңіз керек. Ол үшін  қонақүйден алдын ала бір бөлмеге брон жасаған абзал. Яғни, ұшуға бір күн қалған кезде Сеулдің кез келген отелінің бір бөлмесіне брон жасап алуыңыз керек. 10 күнге. Брон деген тегін нәрсе. Брон жасайтын сайт – букинг.ком сайты.

Үшінші сізден талап етілетін нәрсе – медициналық сақтандыру. Яғни, жолға шығар алдында кез келген сақтандыру компаниясына барып өміріңізді сақтандырасыз. Мен өзі бір күнімді 125-150 теңге аралығында сақтандырдым, мәселен. Демек, 10 күнге бара жатсаңыз 1500 теңгеге сақтандыру жасайсыз.

Төртіншіден,

кедендік тексеру кезінде Сіздің үсті-басыңызға қатты мән береді. Турист деген ақшалы адам, күтімі жақсы дегендей. Сондықтан сондай әсер қалдыру үшін тап-тұнақтай өтуіңіз керек қой шекарадан. Шаш үлгісіне дейін жөндеп алсаңыз жақсы.

Бесіншіден, тіл білу маңызды. Кореяға өту тез әрі оңай. Кореяға барған соң ағылшын тілі керек те болмай қалады. Бұл тіл олар үшін өте қиын. Кәріс тілін аздап үйреніп алғаныңыз абзал. Ең құрымағанда кедендік бақылауда қойылатын сұрақтарға жауап беретіндей деңгейде болуыңыз керек.

https://kaz.365info.kz/memlekettik-khyzmetti-tastap-koreyaga-ketken-khazakh-elge-oralyp-barin-ozgertem-311428

Алтыншыдан, ұшақта Сеулге жетіп қалғанда стюродессалар қағаз таратады. Бұл – анкета. Соны толтыруыңыз керек болады. Студентсіз бе, туристсіз бе, турист болса қай қонақүйге тоқтайсыз – соның бәрін-бәрін толтырасыз. Бұл кеденде уақыт алмас үшін алдын ала жасалады. Сол анкетамен танысқан кеден қызметкері 1-2 сұрақ қойып, өткізеді.

Жұмысты қалай табуға болады?

Жұмысты алдын ала осы Қазақстанда жүргенде Интернет арқылы тауып қойған абзал. Кореяда жұмыс істеп жүрген дос, таныс арқылы табу сенімдірек болады. Сол секілді виза жасайтын қазақстандық компаниялар да жұмыс тауып бере алады. Бірақ ол қаншалықты сенімді, ол жағын мен айта алмаймын.

Визаңыздың уақыты өтіп кетсе сізді көші-қон полициясы іздемейді. Өйткені онда заңсыз жұмыс істеуге белгілі бір деңгейде жол берілген.

https://kaz.365info.kz/bykil-sheteldi-shulatkhan-khazakh-zhaniyanyn-ornyna-kelgen-rektor-kim-video-319751

Одан соң визаның өтіп кеткен әр айына 100 доллар айыппұл төлейді екен деген алып-қашпа сөз бар. Ол өтірік. Сіз қайтарға билет аласыз, сол күнге сізге депорт қойып, ұшаққа отырғызып жібереді.

Кореяда жұмыс табу қиын емес. Оларда Шалушел деген жер бар Сейфуллин көшесі сияқты. Сол араға барсаңыз, жұмыс тауып береді.

Бірақ жұмыс тауып бергені үшін жалақыңыздың 10 процентін алып қалады олар. Ұнап жатса ұзақмерзімді жұмыс тауып береді. Ондай кезде процент алынбайды. Кәріс тілін білсеңіз, жұмыс нарығында сұранысыңыз жоғары болады. Ақшасы да жақсы жұмыс табу оңайырақ болады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз