“Астана Банкі” АҚ-тың жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы тоқтатылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл шешімді Ұлттық банктің банктік заңнама талаптарының бұзушылығына қадағалаушылық реттеу шеңберінде және “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 1-тармағы) тармақшасында көзделген негіздер бойынша, төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тиісінше орындамауы үшін қабылдағаны айтылады. Баспасөз қызметінің мәліметінше, лицензия жаңа депозиттерді тартуға және жеке тұлғалардың жаңа банк шоттарын ашуға қатысты тоқтатыла тұрады және Банктің қолданыстағы депозиттері мен клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысы жоқ.
“2018 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Банк жеке тұлғаларының қабылданған депозиттерінің көлемі 53,0 миллиард теңгені құрайды. Банктің жеке тұлғалардың депозиттік портфелінің үлесі банк жүйесі бойынша жеке тұлғалардың депозиттерінің жиынтық көлемінің 0,6 пайызын құрайды”, – делінген хабарламада.