Египеттің Шарм-эль-Шейх әуежайында қайтыс болған жолаушы – ішкі істер органдарының ардагері Ақмарал Мұқанова екені белгілі болды. Бұл туралы журналист Әнуар Шәлекенов әлеуметтік желіде хабарлады.
«Ақмарал апа, бұған сене алар емеспін! Қалай?! Бүгін Египетте анамның жақын досы, менің кіндік шешем өмірден озды. Оқиғаны жаңалықтардан білесіздер», – деп хабарлады журналист Әнуар Шалекенов.
Оның айтуынша, марқұм – анасының жақын досы әрі өзінің кіндік шешесі болған. Ақмарал Мұқанова зейнетке шыққаннан кейін Астанада тұрған. Оқиға Египеттен Астанаға бағытталған рейске отырғызу кезінде орын алған. Үшеуінің үстіне жарнама тақтасы құлап, бір әйел қаза тапқан.