Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Шалқып жүрім…”. Қытайға екі ұл туып берген қазақ қызы рахат өмір кешуде (фото)

387

Айжанның аста-төк өмірі мынадай екен:


Айжан Райымбекованың студент кезінде ата-анасы қатерлі дерттен қайтыс болған. Ата-анасынан айырылған ол бар ықыласын Қытайдағы оқуына жұмсап, өзіне демеу іздегенін айтады. Айжанның айтуынша, ол Қытайда оқып жүріп модельдік бизнеспен де айналысқан.


Сонда жүріп, ол бес жыл бойы танитын қытай жігітіне тұрмысқа шыққан.

“Анам қайтыс болып, Қытайдағы оқуыма оралғанымда мен одан жылулық сезіндім. Ешкім көрсетпеген қолдауды сол көрсетті. Сонда оның өмірлік жарым болып, мені демейтін азамат екенін сезіндім”, – деп мойындайды Айжан.


Бүгінде Айжан екі баланың анасы. Отандық басылымдардың біріне берген сұқбатында ол екі ұлы да Қазақстан азаматтары екенін және төлқұжатында екеуі де қазақ деп жазылғанын айтқан.


Айжанның айтуынша, оның балалары қытайша, ағылшынша, орысша сөйлеп, қазақша да жақсы түсінеді.

Қазақтың салт-дәстүрлерін ұстанып, қазақ асханасын жақсы көретін Айжан балаларына да барынша өзі үйде көрген тәрбиені беруге тырысып жатқанын айтады.


https://kaz.365info.kz/aza-yzyn-ytaj-a-saudalau-ashan-bastal-an-245693
Қазақ қызының қытайлық жары оның сән бизнесіндегі бастамасын қолдап, оған барынша көмек көрсетеді.


Айжан да, тиісінше, Қытайдағы, шетелдегі және Қазақстандағы сән апталықтарына ұдайы қатысып, белсенділік танытуда.


“Сән әлемінің адамы екенімді екінші балама аяғым ауыр болғанда түсіндім”, – дейді ол.


https://kaz.365info.kz/akhsha-zaman-baraholkanyn-khytajy-meni-akhshaga-satyp-alyp-zhyr-khazakh-khyzy-289183
Осылайша, ол екінші сәбиін дүниеге алып келгеннен кейін, өзінің өмірлік мамандығын тапқанын айтады.


Айжан желідегі парақшасына өзінің өмірінен қызықты суреттер жолдап, әлемнің түкпір-түкпірінен суреттер жүктеп отырады.


https://kaz.365info.kz/massazh-zhasatady-baraholkadagy-khytaj-zhap-zhas-khazakh-khyzyn-yjine-kirgizip-algan-270310
Күннен күнге көбейіп келе жатқан Айжанның оқырмандары оның өміріне қызығушылық танытып, түрлі сұрақтарын жаудырады.


Айжан Қытай азаматына тұрмысқа шыққанына еш өкінбейтінін айтады. Оның бұл шешіміне қарсы шығып, наразылық білдіргендер саны аз болмаған. Алайда ол өз әрекетін ұлтына деген сатқындық деп бағаламайтынын жеткізді.


“Мені көп адамдар сынап, қазақстандықтар түрлі жағымсыз пікірлерін айтып жатыр. Алайда мен өзімді сатқын деп санамаймын. Мен қазір өз ұлтымды бұрынғыдан да бетер жақсы көріп кеттім.


Мен туған елімді қатты сағынамын. Ұлттық дәстүрлерімізді жақсы көремін, құрмет тұтамын. Бірақ, тағдырым солай болды”, – деген ол ел алдында ақталудың қажеті жоқ деп санайды.


https://kaz.365info.kz/khalaj-otkaz-beremin-khytajdan-zhykti-bolgan-baraholkadagy-khazakh-khyzy-293000

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз