Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Шалақазақ” деп күндейміз… Аружан Сайын кім?

398

Қазір әлеуметтік желі беттерінде Аружан Сайынды балалар құқығы жөніндегі қоғамдық омбудсмен қызметін атқаруға лайық деп бастама көтеріп жатқандар бар. Бұл бастаманы қолдаушылар өте көп. Аружанның жасап жүрген игі істеріне қарап, сөз жоқ сол, орынға даяр адам екенін сезінесіз. Алайда

тырнақ астынан кір іздеп, Аружан Сайынды «шалақазақ» деп күндеп жатқандар да жоқ емес.

https://kaz.365info.kz/saryagashtagy-symdykhty-estimedin-be-zhelide-bireu-ajgyl-orynbekke-shyjlikti-307009
Расында солай ма? Оның ана тілін қай деңгейде білетінін мына бір сыр-сұхбатынан білуге болады. «Ана тіліңізді қаншалықты білесіз?» деген бір тілшінің сұрағына Аружан былай деп жауап берген екен:

– «Ана тілің арың бұл, ұятың боп тұр бетте, өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», дейді ғой Қадыр ағамыз өлеңінде. Өз жерімізде, өз Отанымызда тұрып жатып, өз тілімізде сөйлей білмеу – ұят дүние.

Мен бесінші сыныпқа дейін орысша оқыдым. Бір күні көшеде келе жатқанмын. Үлкен қарт адам тоқтатып, бір көшені сұрады. Әрине, қазақ тілінде. Мен түсінбедім. Өзге бір жүргінші ол кісіге жөн сілтеді. Сол жерде қатты ұялдым. Үйге келген бойда кешкілік ас үстінде «мен қазақша оқимын. Қазақ бөліміне ауыстырыңдар», деп әке-шешеме өтініш жасадым. Олар қарсы болмады. Сол өзім оқитын №51 мектептің ішіндегі қазақ бөліміне ауыстым. Әрине, алғашында өте қиын болды. Бірақ талаптанған адам жеңіске жететіні белгілі. Өз дегеніме жеттім. Бұл жерде әкемнің рөлі үлкен. Қолынан келгенше қазақша тез үйренуіме көмек берді. Бірақ КазГу-ге түскенде орыс бөліміне баруға тура келді. Өйткені мен түскен география факультетінің экология бөлімі тек орыс тілінде екен. Қайтадан орыс тілімен қауыштым.

Сабақ үстінде қол көтеріп: «апай, апай мен айтайыншы» деймін ғой, мектептегідей қазақшалап. Ұстаздар орысшалап: «олай айтпа, Бәленбайгүл Түгенбаевна деп айт», деп түзетеді.

Біраз уақыт көндіге алмай жүрдім. Қазір қай жерде болмасын, реті келіп тұрған жерде қазақша сөйлеуге тырысамын. Әрине, қазақ тілінде көркем сөйлей алмаспын, бірақ өзімді ана тілімнің жанашырымын деп ойлаймын.

Абайдың қара сөздерін қайта-қайта оқи бергім келеді. Онда көкейкесті мәселелер қозғалған. Он тоғызыншы ғасырдың соңы, жиырмасыншы ғасырдың басында ұлы данамыз өз ойларын қағазға түсіргенімен, оның айтқандары дәл бүгінгі күні де құнын жойған жоқ.

Жалпы, мен кез-келген қандасыма Абайдың қара сөздерін жиі-жиі оқып тұрыңдар дегім келеді. Өмірдің мән-мағынасы сол қара сөздерде жатқандай көрінеді де тұрады».

Иә, Аружан-қыз осылай дейді. Осыдан-ақ Аружанның мінберде шатып-бұтып, қақалып-шашалып, қазақша екі сөздің басын құрай алмай тұрған көптеген министрлерден әлдеқайда жоғары тұрғанын көруге болады ғой деп ойлаймын.

Аружан Сайын

Ақшарқат Ахметбек
https://kaz.365info.kz/zhannyn-rahaty-eken-shalakhazakh-khyzga-yjlengen-zhigit-nege-khuandy-276480

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз