“Кездейсоқ” түсірілген бейнематериалдан Ғабидолла Рахматуллаұлын жазбай тануға болады. Ол өзінің “шайтанарбасына” мініп, қала көшелерінің бірімен жүйіткіп барады. Бір қызығы, бейнекамераға түсірген ер азамат әкімді артынан танып қойған секілді.
Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың велосипед мінген суретін әлеуметік желі пайдаланушылары талқылап бітпей жатып, желіде әкімнің велосипед айдап бара жатқан видеоролигі жарияланды.
“Кездейсоқ” түсірілген бейнематериалдан Ғабидолла Рахматуллаұлын жазбай тануға болады. Ол өзінің “шайтанарбасына” мініп, қала көшелерінің бірімен жүйіткіп барады. Бір қызығы, бейнекамераға түсірген ер азамат әкімді артынан танып қойған секілді.
Жалпы, бұдан кейін шымкенттік полицейлердің жұмысы ауырлайтын секілді. Өйткені, қалада жүргізуші куәлігін сатып алып, “Lada Priora” мінген жүгенсіз жүргізушілерден әкімді қорғауға тура келеді.