Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Шахтердің баласы екен”. Димашқа ұқсатқан Мәдидің кім екені белгілі болды (видео)

Мәдидің ата-анасы 2 жыл бұрын оны музыка мектебінің вокал бөліміне тапсырған. Ол соңғы 3 жылда “Ғұмырдария” байқауының гран-при жүлдесін үш рет ұтып алған, одан соң “АRT-BAYTEREK” халықаралық байқауына жолдама алыпты. Түркияда өткен бұл халықаралық байқауда да Мәди гран-при жүлдегері атанады.

Музыкадан тыс Мәди дзюдомен шұғылданады.Оның ән салатынын білетін жаттықтырушысы бір күні одан өлең айтуын өтінген. Instagram желісінде көптеп бөлісіп жатқан видео сол кезде түсірілген екен.

Мәди Димашты пір тұтатынын айтып, ол да сол секілді халықаралық байқауларда бақ сынасам деп армандайды. Қазір Мәди “Аялаған Астана-2017” байқауының финалына шығыпты, жеңістен үмітті. Бұл байқаудың қорытындысы 2-сәуірде “Қазақстан” телеарнасындағы тікелей дауыс беру кезінде анықталып, жарияланады. Ал бұл байқауда жеңіске жеткен жеткіншек “Новая волна” жас әншілер байқауына жолдама алмақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз