Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
7
USD
445
+0.77
EUR
478
+2.56
RUB
4.85
+0.02

Шахеризада Ахашеваның ұлын өлтіріп кетті

Жаннұр Байқоныс Ақсай қалалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Шахеризада Ахашеваның тұңғышы. Биыл Алматыдағы 173 мектеп-лицейін бітірген.

Ұстаздары оны тәртіпті, оқу үлгерімі жақсы болған деп еске алды.

Жаннұр Қытайға оқуға түсіп, жиырмасыншы тамызда аспан асты еліне ұшу үшін билет те алып қойған екен. Оны өлтірді деген күдікпен 16 жастағы бала ұсталды.

 

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

– Осы іске қатысты қылмыс жасады деген күдікпен 2002 жылы туған А есімді азамат ұсталып ІІД уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Қазіргі таңда тергеу амалдарының нәтижесінде осы іске қатысы болуы мүмкін өзге де күдіктілер анықталып, заңмен көзделген жауапкершілікке тартылады.

Дереккөз: ktk.kz 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз