Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Шахандағы апаттан кейін облыстағы тұрғын үйлердің барлығының қазандығы тексеріледі

Шаханда жедел штаб отырысы кезінде өңір басшысы Нұрлан Әбдібеков осындай бұйрық берді. Шұғыл қызметтер, Шахтинск әкімінің Тұрғын үй кешені шаруашылығы саласы жетекшілерінің, полицияның есептері тыңдалды.

«Әкім автоматты жылу жүйесі және қазандығы бар барлық көп қабатты үйді тексеруді, персоналға қосымша нұсқау жүргізуді тапсырды. Шахан кентін ғана емес, күллі облыстағы осындай жылу көздері бар үйлер тексерілуі қажет», – делінген хабарламада.

Шаханда 60 пәтерлі үйде қазандық жарылып, кіреберіс құлады. Оны Қазақстандық көп бейінді қайта жөндеу және даму институтының сарапшылары тексереді.

«Үйді одан әрі пайдалану шешімі сарапшылардың ұсынысымен қабылданады. Қираған бөлік комиссия қорытындысынан кейін ғана жөнделеді», – делінген хабарламада. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан келтірілген шығынды бағалау үшін арнайы комиссия құрылды.

Айта кетейік, 1 қаңтар күні 22 сағат 40 минуттар шамасында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Шахан кентінде көпқабатты үйдің құлағаны жөнінде арнайы хабар келіп түскен. Оқиға орнынан төтенше жағдайлар қызметінің күш-құрылымдары мен арнайы техникалары жөнелтіліп, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Шахан кентінің әкімдігі жанынан 8 (72156) 3-24-17 нөмірі бойынша, жедел желі қызметі ұйымдастырылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз