Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
17
USD
520
0.00
EUR
612
0.00
RUB
6.6
0.00

Shabyt Lab – Unico Play ұсынған жас кинематографистерге арналған тұңғыш сценарийлер питчингі

Әр ментор өзіне ұнаған бір сценарийді таңдайды. Сол сәттен бастап шығармашылық серіктестік басталады. Қатысушылар сценарий жазудан бастап түсірілім мен монтажға дейінгі бүкіл процесті менторлармен және Unico Play шығармашылық тобымен бірге өтеді. Сондай-ақ жоба аясында кино саласының түрлі бағыттары бойынша: сценарийден бастап фильмді экранға шығару тақырыптарын қамтитын мастер-класстар өтеді. Бұл кездесулер бір Shabyt Lab-тың серіктесі Sham шығармашылық мектебінің алаңында ұйымдастырылады.

Өтінімдер 2025 жылдың 30 мамыры мен 15 шілдесі аралығында shabytlab.unicoplay.com сайтында қабылданады. Байқауға 16 жастан асқан Қазақстан азаматтары қатыса алады. Кино саласында тәжірибе міндетті емес — нақты идея, 5–12 минуттық сценарий және шынайы ынта жеткілікті. Туындылар кейіпкерлер саны аз, локациялар қолжетімді, түсірілім 1–3 күнде жүзеге асуы тиіс. Сценарийлер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Жоба желтоқсанда қатысушылар түсірген фильмдердің жабық көрсетілімімен аяқталады. Ең үздік жұмыстар халықаралық кинофестивальдерге қатысу мүмкіндігіне ие болады.

«Shabyt Lab — бұл жай ғана байқау емес. Бұл — тәжірибе мен шабыттың тоғысатын орны. Бұл жобаны қолға алуымның себебі — индустрияда бірігудің, қолдаудың маңызы зор екеніне сенемін. Біз бұл жобаны жаңа есімдерге жол ашу үшін жасап отырмыз. Индустрия дамуы үшін дарындарға мүмкіндіктер жасауымыз керек», – дейді Uni-Q компаниясының СEO-сы Анар Жүнісова.

«Анар ментор болуды ұсынғанда, бұл ұсынысты қабылдамасқа болмайтынын түсіндім. Дебютантпен бірге идеядан дайын фильмге дейінгі жолдан өту қызық тәжірибе. Бұл өзім үшін де продюсер ретінде бір сынақ. Біз киноға шынымен ғашық, тың идеясы бар авторларды табамыз деп ойлаймын», – дейді Әділхан Ержанов.

«Мен қатысушылардан ерекше көзқарас күтемін. Кейде солардың энергиясынан өзің де шабыт аласың. Егер біреудің жолы осы жобамен басталса — бұл ең жақсы нәтиже», – дейді Қуаныш Бейсек.

«Жоба туралы алғаш білгенде, ойыма келгені — қатысушылардың жолы болды! Өйткені мен өзім кезінде бәрін жалғыз істедім. Қазір сол тәжірибені бөлісуге дайынмын. Батыл, жарқын, идеясына шын сенетін режиссерлерді күтемін», – дейді Айжан Қасымбек.

«Shabyt Lab — бұл жаңа есімдерді ашатын нақты мүмкіндік. Мен шынайы әрі көпшілікке түсінікті кино түсіргісі келетін жас мамандармен жұмыс істегім келеді, мелодрама жанрындағы фильм түсіргім келеді. Бұл жобаның басты артықшылығы — жалғыз жүргенде көп уақыт алатын жолды қысқарта алатынында», – дейді Еркебұлан Күрішбаев.

Shabyt Lab — кино әлеміне алғашқы нақты қадамыңызды сенімді ортада, тәжірибелі мамандармен бірге бастауға арналған мүмкіндік.

Жаңалықтарды shabytlab.unicoplay.com сайтынан оқып отырыңыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз