Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
3
USD
427
+1.34
EUR
497
-1.07
RUB
5.53
-0.03

Шұғыл! Алматы қаласы мен еліміздің 3 облысында арнайы операция жүріп жатыр

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Шұғыл операция бір уақытта Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Алматы қаласында жүргізіліп жатыр. Діни алауыздық туғызу және тыйым салынған ұйым қызметіне қатысты деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік өкілдері 16 адамды құрықтады”, – делінеді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтында.

“Олардың тұрғылықты мекен-жайында тінту жүргізіліп, басқа да тергеу және процессуальдық әрекеттер жүзеге асырылуда. Бұл ұйымның мүшелері әл-Кайда, ДАИШ және басқа да бірқатар лаңкестік топтардың идеологиясына құрылған, ал ол „Құдайдан безінгендерді айыптайды„ немесе тақфир қағидатын насихаттайды”, – делінеді ведомство таратқан ақпаратта.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, “Ат-Тақфир уәл-Хижра” діни экстремистік тобына енетіндер Сирия мен Ирактағы лаңкестердің іс-әрекетін мақұлдайды, сонымен қатар, жалпылай билік етудің зайырлы формасын жоққа шығарып, елдің конституциялық заңдарын көзге ілмейді.

Бұл ұйым 2014 жылы сот шешімімен экстремистік деп табылып, оның Қазақстан аумағында жұмыс істеуіне тыйым салынған. Сондай-ақ ол АҚШ, Ресей, Қытай, Мысыр, Ливия, Марокко, Тәжікстан, Өзбекстан және басқа да елдердің лаңкестік ұйым деп танылған тізімдерде де бар.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операцияның алдағы жағдаяттарын уақтылы хабарлап отыратын болады.

Еске сала кетелік, 7-желтоқсанда Ақтөбеде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросымен, ішкі істер органдарымен бірлесе отырып, еліміздің батысында мұнай ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтау бойынша кең көлемді арнайы операция жүргізген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз