Өскеменде ШҚО ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 27 жастағы ер адамнан әскери түрге өзгертілген пневматикалық қаруды тәркіледі.
Тергеу кезінде қаруды ұсталған азаматтың ауылдасы өзгерткені анықталды. Аталған факт негізінде 288-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық ІІД.