Нұр-Сұлтан
Қазір
-14
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Сербияда Елбасының мақаласы дөңгелек үстелде талқыланды

Сербияда Елбасы мақаласы өзек болған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Сербия Халық Скупщинасының депутаттары мен министрліктердің, сондай-ақ ғылым, білім беру және мәдениет салаларының өкілдері қатысты, – деп хабарлады Сербиядағы елшіліктен.

Іс-шараға қатысушыларға конституциялық реформаның негізгі ережелері мен халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша елімізде атқарылып жатқан оңды істер туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді.

Мемлекет басшысы ұсынған реформа еліміздің халықаралық қоғамдастыққа енуіне, сондай-ақ Қазакстан азаматтарына ғана емес, сонымен қатар шет мемлекеттердің бизнесмендері үшін де мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал ететіні атап өтілді.

Өз тарапынан мәдениеттану докторы Ваня Йованович Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен тарихын жаңғыртуға, отансүйгіштік рухты нығайтуга және жастар арасында білім мен прагматизм культін насихаттауға бағытталған Мемлекет басшысының сындарлы саясатын оң бағалады.

Сондай-ақ ол Қазақстанның атақты жазушыларының еңбектерін БҰҰ тілдеріне аудару бойынша жобаны жүзеге асырудың шетелдік оқырмандарға Қазақстан әдебиеті туралы көбірек білуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Танымал серб экономисі Любомир Маджар еліміздің әлемдік нарықтық қатынас жүйесіндегі Қазақстан басшысы таңдаған экономикалық бағдардың тиімділігін, келелі табыстарға негіз болғанын атап айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз