Офицердің пара сұрағаны туралы шетелдік кәсіпкер хабарлаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Маңғыстау облысында жемқорлыққа қарсы қызмет офицері миллион теңге пара алғаны үшін ұсталған.
“4-маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ішкі қауіпсіздік басқармасы Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ерекше маңызды істер бойынша офицерін парамен ұстады”, — делінген хабарламада.
Қызметкердің пара сұрағаны туралы шетелдік кәсіпкер хабарлап, жедел іздеу шаралары басталған.
Офицер бизнесменді қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін миллион теңге пара алған.
https://kaz.365info.kz/ma-ystau-oblysynda-zhol-politsiyasyny-eki-kili-paramen-staldy-219756
Күдікті уақытша ұстау изоляторінде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.