Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Сенбіде еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран болады

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, қар бұрқасындатады, боран болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде де тұман, көктайғақ, қар бұрқасындатып, желдің екпіні секундына 18-23 метрге күшейеді.

Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 17-22 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде қар жауады, қатты жел тұрады, жолдарда көктайғақ болады.

Күндіз Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қатты жел тұрады, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты аяз күтіледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз