Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Сенаторлар бюджет есебінен екінші деңгейлі банктерді құтқарудың тоқтатылуын талап етті

Сұрақ: осы қаржылардың, әсіресе, 2009—2013-2014 жылдары қайтарылған, солардың қаншасы қайтарылды  және келешекте мұндай мәселе тағы да қайталана бере ме?  Мұның бір шектеуі болуы керек қой»,-дейді  Сенат Депутаты Мұрат Бақтиярұлы.

«қарыз үшін еш алаңдамаңыздар» деді. Үкімет екінші деңгейлі банктерге берілген миллиардтардың қалай және қанша есемен қайтарылғанын дер кезінде баяндап отырады екен.

Ал Ұлттық банк РБК-ны қаржылық қиындықтан алып шығуға бұл жолы 240 миллиард теңге бөлді. Және бұл банкті сақтап қалу үшін «Қазақмыс» корпорациясы да көмекке келіп отыр. Жалпы, РБК-дан 600 миллиард теңге ым-жымы бір адамдармен шығарылған. Салдарынан жұрттың банкке салған өз қаржысына қолы жетпей жүр.

Олардың енді ақшаларын жыл соңына дейін алады деп сендірді Ұлттық банктегілер. Бас банк пен РБК арасындағы келісімге сай, банкке көмек қаржы кезең-кезеңімен берілмек. РБК бірінші кезекте қарапайым тұрғындардың ақшасын қайтаруы тиіс»,-дейді  Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

«Банкке негізгі қаржы екі-үш айда түседі. Осы аралықта банкті толық қалпына келтіре аламыз. РБК бірінші кезекте әлеуметтік төлемдерді қайтарады.

Яғни, алдымен студенттердің шәкіртақысы, жұмысышлардың жалақысы, несие картасындағы ақша таратылады. Екінші кезекте  депозиттер беріледі»,-дейді  Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз