Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Сенат депутаттары ант берді

Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласынан Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров пен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды сенат депутаты болып сайланғанын айтты. Жаңадан сайланған депутаттар белгіленген тәртіп бойынша палата отырысында ант берді.

“Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін”, — деді Нұрлан Бекназаров.

Дархан Сатыбалды да дәл осылай ант берді.

“Жаңадан сайланған әріптестеріміз бүгін берген антына адал болады деп сенеміз”, — деді Тоқаев.

Бекназаров Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде, ал Сатыбалды Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің құрамында қызмет етеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз