Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Сен-Пьер «қазақ» болды. Канадалық хоккейші ұлттық құрамаға келді

Хоккейші Қазақстан құрамасына қосылып, Роман Старченко бастаған екінші звенода жаттығып жүр ендігі.

33 жастағы Оттава тумасы қатарынан екі жыл астаналық «Барыс» құрамында ойнаған. Бұл Қазақстан құрамасына Америка жақтан «тартылған» осымен бесінші легионер екен. Бұдан бұрын Қазақстан құрамасы канадалық Кевин Даллмэн, Найджел Доус, Дастин Бойд және америкалық Брэндон Боченскиді қазақ етіп жаздырып алған.

Сен-Пьердің өзі бұған қуанып жүр: «Мен ешқашан ұлттық құрама сапында хоккей ойнаған емеспін. Қазақстанның жейдесін киіп, мұз айдында жыртысудан кет әрі емеспін», депті бірде берген сұхбатында.

Сен-Пьер бізге керек сияқты. Осы сәуірдің 22-сі мен 28-і аралығында Киевте хоккейден бірінші дивизиондағы ұлттық құрамалар арасында әлем чемпионаты өтеді. «А» тобына түскен Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жолдама алу үшін Украина, Австрия, Польша, Венгрия және Оңтүстік Корея құрамаларымен таяқ түйістіреді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз