Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-3
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

Семіз ер адамдардың орны банкте емес, құрылыста! — Эмомали Рахмон

254

Қаржы, салық, кеден және банк саласы өкілдерімен кездесуде сөйлеген сөзінде президент бұл туралы бірнеше рет айтқан болатын. Алайда, банктерде ерлер саны әлі де басым.

Мемлекет басшысы банктердің өңірлік филиалдарында “семіз жас ер адамдар” кассир қызметін атқаратындар жиі кездесетінін атап өтті.

“Салмағы 100-150 кг болатын жігіттер айына 700-800 сомонидің еңбекақысына риза бола ма? Бұл ақша жергілікті асханада бір апталық түскі асқа ғана жетеді. Оның үстіне, олар онда емес, мейрамханада тамақтанады”, – деді ол.

Президенттің айтуынша, жеткілікті қаражатқа ие болу үшін мұндай банк қызметкерлері қаражат ұрлауға және басқа да заңсыз әрекеттерге барады.

Мемлекет басшысы

дені сау, етті жігіттер банкте емес, Рогун құрылыс алаңында жұмыс істеулері керек

Әйелдер ұрламайды

Эмомали Рахмонның пікірінше, өңірлерде банк қаражатын ұрлау филиалдар басшыларының есепшілермен және кассирлермен келіссөздер жүргізу нәтижесінде орын алатынын және бұл қызметтерді негізінен ер адамдар атқаратынын айтқан.

Президент кассир мен банктердегі есепшілердің функцияларын әйелдер атқаруы тиіс екеніне сенімді

Тәжікстан Ұлттық Банкінің басшысы Джамшед Нұрмахмадзода президентке қазіргі уақытта реттеуші қызметкерлерінің 31%-ын әйелдер құрайтынын хабарлады. “Амонатбанк” ГСБ төрағасы Сироджиддин Икромидің айтуынша, оларда әйелдердің банктегі үлесі 45%.

Президент бұл аз деп санайды. Банк құрылымындағы арулардың санын арттыру керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз